Көрме • Бүгін, 09:00

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

22–26 сәуір күндері елордадағы Президент орталығында «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

«Astana Eurasian Book Fair-2026» кітап жәрмеңкесін Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі мен Астана қала­сы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдас­тырып отыр. Іс-шараға бас­па өнімдерімен айналысатын 80-ге жуық компания қатысады. Сондай-ақ  Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Ресей, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен де 40 баспа өнімдерін әкелмек.

Орталық Азиядағы ең ауқымды кітап жәрмеңкесі бес күнге созылып, көрме аясында жаңа кітаптардың тұсаукесері, авторлармен кездесу, автограф-сессия­, балалар алаңында арнайы шеберлік дәрістері ұйымдастырылмақ.

Атап айтқанда, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Түрік асханасы» кітабының, Бекарыс Шойбековтің «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» айтыстар жинағының, Маржан Ершудың «Жалғыз қол» поэма­сының, «Замандастар» сериясымен шыққан «Елдос Сметов. Төзім. Сенім. Жеңіс» кітабының, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ оюлары» фотоальбомының, Анжей Сапковскийдің «Мыстангер» фантастикалық шығармасының, Ұларбек Дәлейдің «Бату хан» тарихи романының, Әлішер Рахаттың «Иесіз көлеңке», испан жазушысы Хавьер Мороның «Үміт сапары», Эрнест Хемингуэйдің «Қоңырау кімді жоқтайды», Әзербайжан ақыны Рәсмия Сабирдің «Өлең-әйел», Байыт Қабанұлының «Моңғол-өлең» кітабының, Нұрсұлтан Мықтыбайдың «Ақ Жайықтың көз жасы», сондай-ақ «Түркістан – мәңгілік әрі әрдайым жаңа» және «Димаш Құдайберген. Шексіз музыка» атты кітап-альбомдарының таныстырылымы жоспарланған.

Сонымен қатар 23 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Мәде­ниет және ақпарат министрлігі ұйымдас­тыратын «Ұлттық кітап» байқауының жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтеді. Көрме мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер мен шетелдік елшілердің қатысуымен 22 сәуір күні сағат 11.00-де ресми ашылады.

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07