Құрылыс • Бүгін, 08:15

Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыр өңірінде жүгеріні терең өңдейтін жаңа өндіріс орнының іргетасы қаланды. Жоба агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өңдеу саласын кеңейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.

Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды

Аталған бастама былтыр Қызылорда облысынан барған делегацияның Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында қолға алынған еді. Сапар аясында ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері еліміздегі ірі өндіріс орындарының бірі – «Жаркент крахмал-сірне зауытының» жұмысымен танысып, тәжірибе алмас­ты. Келіссөз нәтижесінде Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдейтін зауыт салу жөнінде нақты уағдаластыққа қол жеткізілді.

Жаңа өндіріс орны жылына 150 мың тонна жүгері дақылын өңдейді. Құны 40 млрд теңге болатын зауыт заманауи талаптарға сай жоғары сапалы технологиялармен жабдықталып, 550 адамға тұрақты жұмыс табылады.

Биылдан бастап өңірде жүге­рі егісінің көлемі 15 мың гек­тарға жетпек. Өңірдің аграр­лық әлеуетін жаңа деңгейге көте­руге мүмкіндік беретін өнім ал­қап­тары жыл сайын артып, терең өңдеуге бағытталған жүгері өндірісін қолға алған шаруаларға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі. 

стро

Кейінгі 3 жылда мемлекет тара­пынан аграрлық саланы қол­дауға 92,4 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл мақсатқа 34 млрд 800 млн теңге қарастырылып, шаруа­шы­лықтар есебінен 58 млрд тең­ге­ден астам инвестиция тартылды.

Былтыр ауыл шаруашы­лы­ғын­да 11 млрд 600 млн теңгенің 16 инвестициялық жобасы іске қосылып, саланың негізгі қорына тартылған ин­вестиция көлемі 74 пайызға артқан.

2026–2028 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, оған 138 млрд 200 млн теңгенің 17 жобасы енгізіліпті. Жүйелі жұмыстың арқасында жалпы өнім көлемі жыл сайын өсіп келеді.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 233 млрд 450 млн теңге болса, биыл 240 млрд 400 млн теңгеге жеткізу жоспарланған.

 

Қызылорда облысы 

Соңғы жаңалықтар