Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты кісі өлтіру, некеге мәжбүрлеу және сталкинг фактілері бойынша іс қозғалған.
Полицияның хабарлауынша, екі мәрте жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың нәтижесінде күдіктінің психикалық ауытқулары анықталған. Осыған байланысты ол мәжбүрлі емдеу мекемесіне жіберілген.
Ал Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай күдіктінің кенеттен «есінен ауысуы» жазадан құтылудың айласы болуы мүмкін деп күдіктенеді. Ол алғашқы тексеру Шымкентте жүргізіліп, қорытындыда психикалық ауытқуы бар екені көрсетілгенін айтты. Кейін Алматыда қайта тексеру жасалып, ұқсас қорытынды шыққан. Оның айтуынша, қазіргі таңда күдіктінің жағдайында симуляция белгілері байқалады.
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Сондай-ақ оның айтуынша, күдікті қазір Шымкентте емес, Талғардағы психиатриялық орталықта ем қабылдап жатыр.
Нұрай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына өзгертілді
Полиция тарапынан жәбірленуші тараппен тұрақты байланыс орнатылғаны айтылды. Тергеу барысы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сараптама нәтижелері мен іс бойынша басқа да мәліметтер заң аясында жеткізіліп отыр.