Әлем • Бүгін, 18:45

Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дональд Трамп келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда Иранға соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауы мүмкін

Бұл туралы ол Truth Social парақшасында жазды. Оның айтуынша, АҚШ әскери әрекеттерді тоқтату бойынша «жаңа әрі ақылға қонымды» режиммен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Айтарлықтай ілгерілеу бар. Бірақ қандай да бір себеппен келісімге жақын арада қол жеткізілмесе, бұл болуы мүмкін, әрі Ормуз бұғазы дереу ашылмаса, біз Ирандағы «қатысуымызды» аяқтап, әдейі тиіспеген электр станцияларын, мұнай ұңғымаларын және Харг аралын толықтай жоямыз», деді Трамп.

Сондай-ақ ол мұндай қадамды «ескі режимнің 47 жыл бойы жасаған зорлық-зомбылықтары үшін жауап» деп атады.

23 наурызда Дональд Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы беру туралы шешімді бес күнге кейінге қалдырғанын айтқан болатын. Ол кезде Вашингтон мен Тегеран арасында «өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер» өткенін мәлімдеген.

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Осы мәлімдемеден кейін Brent маркалы мұнай бағасы 7%-дан астам төмендеп, барреліне шамамен 104 доллар деңгейіне түсті.

Дональд Трамп Иранға шабуыл жасаудың себептерін атады

Соңғы жаңалықтар