Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, жобаға қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мердігер компания анықталған. Сонымен қатар құрылысқа қажетті қаржы да қарастырылған.
«Жобаның құны – 4,5 млрд теңге. Әңгіме Кіші Талдыкөлдегі №5 учаске туралы болып отыр. Биыл құрылыс басталады деп ойлаймын, ал келесі жылы аяқталады», деді Ерсін Өтебаев.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Кіші Талдыкөл аумағындағы экопарк құрылысы 2025 жылға ауыстырылғанын мәлімдеген болатын. Бұдан бөлек жуырда елордада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтеретіндігін жазған болатынбыз.