Оқиға • Кеше

Астанадағы LRT аялдамаларының атаулары белгілі болды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

City Transportation Systems компаниясы Астанадағы LRT-ның бағыт сызбасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанадағы LRT аялдамаларының атаулары белгілі болды

Суретті түсірген − Ерлан ОМАР/ egemen.kz

Компания Instagram парақшасында барлық 18 станцияның атауы мен орналасуы көрсетілген LRT картасын ұсынды.

LRT бағыты елорданың негізгі көшелері мен маңызды нысандарын қамтиды. Атап айтқанда, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайы, Қабанбай батыр даңғылы, «Астана Жұлдызы» стелласы, Mega Silk Way сауда орталығы, Ботаникалық бақ, Abu Dhabi Plaza, Министрліктер үйі, Арыс көпірі, Қалдаяқов көшесі, Ұлттық музей және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арқылы өтеді.

ч

Жеңіл рельсті көлік күн сайын таңғы 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

LRT жолақысы қымбаттай ма: Әкімдік жауап берді

Еске салайық, бұған дейін Астана әкімдігі LRT жүйесі 17 мамырда іске қосылатындығын мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар