Оқиға • Бүгін, 12:55

Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында жаңа әуежай салу мәселесі қайта қаралып жатыр. Жоба қажеттілігі елорда халқының көбеюі мен әуе тасымалына сұраныстың артуымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қосшы, Қарағанды әлде Павлодар: Астананың екінші әуежайы қай бағытта салынуы мүмкін?

Фото: Ашық дереккөз

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, қазіргі уақытта жаңа әуежайдың нақты орны әлі анықталған жоқ.

«Бірнеше бағыт қарастырылып жатыр: Қосшы, Қарағанды және Павлодар тас жолдары. Бірақ әзірге нақты орны анықталған жоқ», деді Ерсін Өтебаев.

Оның сөзінше, бұл бағыттар бойынша арнайы сарапшылар тобы жұмыс жүргізіп жатыр.

Жобаны іске асыру кезінде қаланың оң және сол жағалауын ескеру мәселесі де қарастырылған. Мысалы, Қарағанды және Павлодар тас жолдары маңында әуежай салынса, ол оң жағалау тұрғындары үшін қолжетімді болмақ.

Астана ерекше мәртебеге ие болады: Парламент заң жобасын мақұлдады

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың соңында Астанада жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.

Бұған дейін Астанадағы екінші әуежайдың қашан салынатын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар