2023 жылдың шілде айында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне 5 жылға сотталған болатын. Сонымен қатар сот Мейіржан Төребаевты Қылмыстық кодекстің 262-бабы 2-бөлігі («ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу») бойынша ақтаған.
Тергеу барысында вайнерлердің Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, одан табыс тапқаны дәлелденген.
Бостандыққа шыққаннан кейін Мейіржан Төребаев әлеуметтік желідегі парақшасында ой-толғау жариялап, онда Александр Петровтың сөзін келтірген. Ол өз жазбасында қиын кезеңнің өзіне ішкі еркіндік пен өмірлік сабақ бергенін айтып, бұл тәжірибені «жан саяхаты» деп сипаттады.
Еске салайық, 2023 жылғы 23 маусымда Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Мейіржан Төребаевты «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, басқарды деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырған. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған.
Сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйінде жүр: ҚАЖД себебін түсіндірді
2024 жылдың желтоқсанында Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында оның жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініші қаралған. Алайда сот бұл өтінішті қанағаттандырмады, себебі келтірілген шығын толық өтелмеген. Заң талаптарына сәйкес, мұндай жеңілдік тек залал толық өтеліп, жазаны өтеу тәртібі бұзылмаған жағдайда ғана беріледі.
Айта кетейік, сот үкімі 2024 жылдың 1 ақпанында заңды күшіне енген.