Ата заң • Бүгін, 19:33

Қазақстанның Азаматтық альянсы: Жаңа Конституция – біздің жаңа қоғамдық келісіміміз

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның Азаматтық альянсы үкіметтік емес ұйымдар өкілдеріне, қоғам белсенділері мен еріктілерге терең ризашылығын білдірді. Ұйымның мәлімдеуінше, референдум ұлттық бірліктің нақты көрінісіне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Қазақстанның Азаматтық альянсы: Жаңа Конституция – біздің жаңа қоғамдық келісіміміз

Альянс мәлімдемесінде өткен республикалық референдум жай ғана дауыс беру емес, ұлттық бірліктің шынайы көрінісі болғаны атап өтілген.

«Сайлаушылардың 73 пайыздан астамының қатысуы және азаматтардың шамамен 90 пайызының Конституцияның жаңа редакциясын қолдауы – бұл жай ғана статистика емес.
Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі әрі әрбір азаматтың Әділетті Қазақстанды құруға деген саналы ұмтылысы», делінген мәлімдемеде.

Қазақстан Азаматтық альянсы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне, қоғамдық белсенділер мен еріктілерге терең ризашылығын білдірді.

«Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар: еліміздің әрбір өңірінде, қаласы мен ауылында ашық диалог жүргізіп, азаматтарға конституциялық реформалардың мәні мен маңызын терең түсінуге ықпал еттіңіздер. Сіздердің қажыр-қайраттарыңыз бен кәсібиліктеріңіз осы референдумның шынайы «үніне» айналды. Үдерістің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуде тәуелсіз байқаушылар мен сарапшылардың рөлі ерекше болды. Дәл сіздердің ұстанымшылдықтарыңыз бен ашықтыққа негізделген жұмыстарыңыз дауыс беру нәтижелеріне деген жоғары қоғамдық сенімнің берік негізін қалыптастырды. Жаңартылған Конституция – бұл біздің жаңа қоғамдық келісіміміз. Бұл – үлкен жолдың бастауы», делінген хабарламада.

Референдумда дауыс бергендер саны 9 миллионнан асты

Альянс азаматтық қоғам өкілдерін қабылданған нормаларды іске асыру үшін осы жасампаз энергияны сақтауға шақырып, әр азаматқа азаматтық батылдығы, жауапкершілігі және құқықтық мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект: мифтен механикаға дейін

Жасанды интеллект • Бүгін, 18:16