Фото: Polisia.kz
27 сәуір күні полиция қызметкерлері «Qarmet» АҚ аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін әшкереледі. Тергеу барысында күдіктілердің жасырын алаяқтық схемаларды қолданғаны анықталды. Олар кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қасақана көтеріп көрсеткен.
Осы әрекеттердің салдарынан кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі шамамен 190 млн теңгені құрады. Қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 13 адам ұсталды – олардың барлығы Теміртау қаласының тұрғындары.
Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды
Тінту шаралары барысында ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ІІМ мәліметінше, қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Өнеркәсіп саласындағы заңсыз әрекеттердің жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды