Фото: Informburo.kz
Кремация қызметі дәстүрлі жерлеу рәсіміне ерікті балама ретінде ұсынылады, бұл тұрғындарға жеке көзқарасы мен мәдени ерекшеліктеріне сай таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Қала әкімдігінің мәліметінше, крематорий заманауи талаптарға толық сай жабдықталған. Мұнда көпсатылы тазарту жүйесі бар екі пеш орнатылған. Қолданылатын технология түтін газдарының толық жанып кетуін қамтамасыз етіп, иіс пен көрінетін түтіннің пайда болуына жол бермейді. Сонымен қатар нысан экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді.
Бір кремация рәсімі шамамен екі сағатқа созылады. Толық жүктеме кезінде крематорий тәулігіне 8 рәсімге дейін қабылдай алады. Қызмет көрсету үдерісі – құжаттарды қабылдаудан бастап, марқұмды сәйкестендіру және күлін туыстарына табыстауға дейін – қатаң бақылау тәртібімен жүзеге асырылады.
Нысанда жақындарын ақтық сапарға шығарып салуға арналған арнайы залдар қарастырылған. Қызметкерлер шетелдік тәжірибеден өтіп, санитарлық және этикалық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс істейді.