Өшпес даңқ • Кеше

Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Тайтөбе ауылында Халық қаһарманы, екінші дүниежүзілік соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. 1945 жылдың 30 сәуірінде Рақымжан Қошқарбаев сұрапыл шайқас кезінде Рейхстаг ғимаратына алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккені тарихтан мәлім, деп жазады Egemen.kz.

Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Шараға Қорғаныс министрлігінің, Қосшы қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдері, еңбек және соғыс ардагерлері, сондай-ақ мектеп оқушылары қатысты. Айрықша сәттердің бірі – 102 жастағы екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, 102 жастағы Нұрқасым Әжітаевтың қатысуы болды. Бұл ұрпақтар сабақтастығы мен майдангерлер ерлігіне деген құрметтің жарқын көрінісі ретінде бағаланды.

«Абырой мен міндетті, парыз бен әскери антты, әділдікті мансаптан биік қойған тұлғалармен қатар тұру – біз үшін үлкен мәртебе. Жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаевтың өнегелі өмірі мен майдандағы ерлігі жастарға үлгі», деді Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің ардагерлермен жұмыс басқармасының бастығы, полковник Қайрат Ыдырышев.

Қарағандылық майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, іс-шара барысында қатысушылар батырдың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Ардагерлер жас буынға батасын беріп, елдік пен ерлік туралы өсиет айтты. Мектеп оқушылары патриоттық рухтағы өлеңдер оқып, соғыс тақырыбындағы шығармаларды орындады.

Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар, елордадағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінен Тайтөбе ауылына дейінгі 30 шақырымдық велошеру ұйымдастырылды. Төрт ардагер велошабандоз бұл бастаманы батырдың ерлігіне арнады.

Бұдан екі жыл бұрын ашылған ескерткіш бүгінде әскери-патриоттық шаралардың негізгі орталығына айналған. Тағылымды іс-шара Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын тағы бір мәрте айғақтады.

Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген

Соңғы жаңалықтар