Олимпиада • Бүгін, 10:37

Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияда өткен XIV қысқы Паралимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Ербол Хамитов қос жүлдені ел қоржынына салды, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Паралимпиада аяқталды: Қазақстан жалпы есепте қандай нәтиже көрсетті?

Паралимпиаданың алтыншы күнінде отандасымыз ал­ғаш­қы медальді жеңіп алды. Ербол Хамитов парашаңғы сайысынан 1 500 метрге классикалық спринт­те қола жүлде олжалады. Ол мә­ре­ге 2 минут 29 секундта жетті.

Сондай-ақ ол 4,5 шақырымдық із кесу жарысында да (отырып жарысу санаты) үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды

Ербол салған қос медальмен Қазақстан Паралимпиаданы 18-орында аяқтады. Ал Қытай елі 15 алтын, 13 күміс, 16 қола жүлдемен көш бастаса, екінші сатыға 13 алтын, 5 күміс, 6 қола медальмен АҚШ құрамасы жайғасты. Үздік үштікті Ресей атлеттері түйіндеді. Олардың еншісінде 8 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар. 

Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтті. Жарысқа әлемнің әр аймағынан 600-ден астам спортшы қатысты. Додада 6 спорт түрі бойынша 79 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Жалпы, жарыс барысында 27 елдің спортшылары медаль жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар