Алматы • Бүгін, 16:10

Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 2027 жылдан бастап атмосфералық ауаны қорғау қағидалары қолданысқа енгізіледі. Бұл талаптар кезең-кезеңімен іске асырылып, ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Өзгерістер көлікке, кәсіпорындарға және жеке секторды қамтиды. Мәселен, көліктер үшін катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар нормаларын сақтау секілді талаптар енгізіледі.

Алматы ауасы жақын арада жақсара ма?

Ал III санаттағы нысандардан міндетті түрде сүзгі орнату, шаңды басатын технология енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі. Сондай-ақ, ережеге сәйкес, қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады. Бұл шаралар ауаның ластануын азайтып, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді деп болжанып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар