Елорда • Бүгін, 16:37

Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды. Белгісіз адамдар «сыйлық қорабын» ұсыну арқылы азаматтарды қорқытып, ақша бопсалауға тырысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Бұл туралы қала тұрғыны әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, ол құрбысымен серуендеп жүргенде шамамен 20 жастағы жігіт қызыл қорап ұсынған. Алайда ол бұған дейін әлеуметтік желіден осындай жағдай туралы оқығандықтан, бірден бас тартқан.

Оның сөзінше, басқа бір оқиғада қыз қорапты қолына алған соң, әлгі жігіт оны қорқытып, қорап ішінде есірткі бар екенін, оның саусақ іздері қалғанын айтқан. Осылайша, алаяқтар жәбірленушіні қорқытып, ақша талап етуі мүмкін.

Елордада 17 адамды «қажылыққа жіберемін» деп алдаған алаяқ жазаланды

Автор ұсыныстан бас тартқаннан кейін, күдікті басқа әйелге жақындаған. Тұрғын оны тоқтатуға тырысқанымен, жігіт жағдайды байқап, тез кетіп қалған.

Пікірлерде қала тұрғындары осындай жағдайлармен бұрын да кездескенін жазып жатыр. Мәселен, Керуен сауда орталығы маңында да жасөспірім «сыйлық» ұсынып, бас тартқаннан кейін бірден кетіп қалғаны айтылған.

Сонымен қатар кейбір тұрғындар Magnum дүкендері маңында күмәнді адамдар жиі кездесетінін алға тартады.

Полиция өкілдері бұл факті бойынша әзірге ресми шағым түспегенін хабарлады. Сонымен бірге жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Секунд ішінде бұғаттайды: Қазақстанда алаяқтардың қоңырауын тоқтататын жүйе енгізіледі

Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады. Есірткі айналымына қатысты құқықбұзушылықтарды байқасаңыз, 102 нөміріне немесе сенім телефонына хабарласу қажет.

Соңғы жаңалықтар