Заң • Бүгін, 16:35

Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсету, оларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік айтарлықтай күшейтілмек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі

Оның айтуынша, «Жануарларға жауапты қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулер бірнеше бағыт бойынша талаптарды күшейтеді.

Заң жобасына сәйкес, жануарларға қатыгездік көрсету үшін айыппұл мөлшері азаматтар үшін 5-тен 30 АЕК-ке дейін (129 750 теңге), ал лауазымды тұлғалар үшін 10-нан 50 АЕК-ке дейін (216 250 теңге) өседі. Қайталанған жағдайда айыппұл көлемі тиісінше 50 және 100 АЕК-ке (432 500 теңге) дейін ұлғаяды.

Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері

Сондай-ақ жануарларды ұстау, питомниктерге тапсыру және серуендету ережелерін бұзғаны үшін де жауапкершілік күшейеді. Бұл ретте айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 10-нан 15 АЕК-ке (64 875 теңге), лауазымды тұлғалар үшін 20-дан 30 АЕК-ке (129 750 теңге), заңды тұлғалар үшін 30-дан 40 АЕК-ке (173 000 теңге) дейін артады. Қайталанған жағдайда айыппұл екі есеге көбейтіледі.

«Сонымен қатар, Мәжілісте жануарлар дүниесі мен аңшылық саласына қатысты заңнамаға өзгерістер қарастырылып жатыр. Енді жануарды баспанасына орналастырмай далаға қараусыз тастап кетуге әкімшілік жауапкершілік енгізіледі», деді Нұркен Шәрбиев.

Сенат резонанс тудырған жануарларға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды

Мұндай жағдайда айыппұл көлемі:
– жеке тұлғаларға – 30 АЕК (129 750 теңге);
– лауазымды тұлғаларға – 50 АЕК (216 250 теңге);
– заңды тұлғаларға – 100 АЕК (432 500 теңге);
– қайталанған жағдайда – 2 есеге дейін өседі.

Сонымен қатар, алғаш рет жануарларды күтіп-бағу және серуендету ережелерін бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына немесе мүлкіне зиян келсе, әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл жағдайда жеке тұлғаларға 100 АЕК (432 500 теңге), қайталанса 150 АЕК (648 750 теңге), лауазымды тұлғаларға 150-200 АЕК, заңды тұлғаларға 200-400 АЕК (1 730 000 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Қазақстанда иесіз жануарларды тегін вакцинациялау тоқтатылады

Вице-министрдің айтуынша, бұл шаралар қаңғыбас және қараусыз жануарлар санын азайтуға бағытталған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар