Фото: ашық дереккөз
Стадион мен оның маңындағы аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша күштер жұмылдырылады. Алматы полиция департаментінің басшысы Айдын Кабдулдинов жанкүйерлерге стадионда тәртіп сақтау керектігін еске салды.
«Кейде адамдар сүйікті командасына жанкүйерлік етемін деп, артық кетіп жататын кездері болады. Мұндайда заң мен қоғамдық тәртіп шеңберінен шықпау керек. Агрессия, провокациялар, қорлау, арсыз сөздер, бұзақылық және тыйым салынған заттарды қолдануға мүлдем болмайды. Бұндай жағдайда полиция дереу әрекет етеді. Барлық құқық бұзушылар анықталады, әр факт құқықтық бағасын алады», деді Айдын Кабдулдинов.
Матч Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры аясында өтеді. Ойын сағат 19:00-де басталады.