Кино • Бүгін, 10:00

«Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Киноакадемиясы 2026 жылғы «Оскар» сыйлығының жеңімпаздарын жариялады. Биылғы марапатта ең үздік фильм атағы Пол Томас Андерсон түсірген «Шайқастан кейін тағы шайқас» картинасына бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Режиссер сондай-ақ ең «Үздік режиссер» және «Үздік бейімделген сценарий» номинацияларында да жеңіске жетті. Жалпы алғанда, фильм алты марапатқа ие болды.

Үздік ер адам рөлі үшін жүлде Майкл Б. Джорданға «Күнәһарлар» фильміндегі рөлі үшін табысталды.

Елімізде киножобаларды іріктеу конкурсы басталды

Ал үздік әйел рөлі номинациясында жеңімпаз атанған – Джесси Бакли «Гамнет» фильміндегі рөлі үшін марапатқа ие болды.

Сонымен қатар:

  • Үздік түпнұсқа ән – («Кей-поп-демон аңшылары» мультфильміндегі ән);

  • Шетел тіліндегі үздік фильм – «Сентименталды құндылық» (Норвегия);

  • Үздік анимациялық фильм – «Кей-поп-демон аңшылары».

Айта кетейік, биылғы 98-ші «Оскар» марапатында кино саласындағы ең үздік туындылар мен актерлік жұмыстар бағаланды.

Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды

Соңғы жаңалықтар