Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазавтожол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы қазіргі жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Бүгін сағат 08:00-дегі жағдай бойынша бірнеше жол учаскелерінде көлік қозғалысы толық ашық, ал бірқатар аймақта ауа райы мен техникалық себептерге байланысты шектеулер енгізілген.

Ашық жолдар

Қостанай облысында республикалық маңызы бар келесі жол учаскелерінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа рұқсат берілді:

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 555-682 шақырымы аралығы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті аралығы);

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 320-501 шақырымы аралығы (Бестөбе кенті – Рудный қаласы);

  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218 шақырымы аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьский кенті).

Жабық жолдар

Ақтөбе облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты (тұман, көріну қашықтығының төмендеуі) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ болады

Шектеу келесі жолдарда енгізілген:

  • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153 шақырымы аралығы («Эко Ойл» жанармай құю бекеті – Ырғыз ауылы аралығы).

Павлодар облысында жолайрықтағы көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді:

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының «Қалқаман» жолайрығы маңындағы учаскесі (Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол).

Шығыс Қазақстан облысында күрделі таулы жағдайларға байланысты қыс мезгілінде қозғалысқа қосымша шектеулер енгізілген:

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

  • Осинов асуында 46-66 шақырым аралығында (Северный ауылына бұрылыс – Серебрянск қаласына бұрылыс) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған.

Соңғы жаңалықтар