Ауа райы • Бүгін, 09:35

Еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ болады

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 16 наурызда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілетінін хабарлады. Елордада түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлады Egemen.kz.

Еліміздің басым бөлігінде тұман және көктайғақ болады

Абай облысында түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз батыс пен оңтүстікте солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Атырау облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Сонымен қатар облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді.

Қостанай облысында тұман күтіледі.

Наурыз айында ауа райы қандай болады?

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыс және шығыс бағыттан соғып, күндіз орталық және шығыс бөлігінде 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында шаңды дауыл болжанып отыр. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ болады. Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында тұман күтіледі.

Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады

Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар