Референдум • Кеше

Этномәдени бірлестіктер де үн қосты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдің жарқын болашағы үшін «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі де өз таңдауларын жасады.

Этномәдени бірлестіктер де үн қосты

Бірлестік төрағасы Увайс Джанаев өзінің отбасымен бірге №54 референдум учаскесінде дауыс берді.

– Біз отбасы болып бекі­тілген учаскемізге келдік. Бұл – өз азаматтық борышымызды орындаудың, сондай-ақ еліміздің болашағына деген пікірімізді білдірудің мүмкіндігі. Бүгін біздің отбасымыз үшін тағы бір маңызды қуаныш: қызымыз Сурияна өмірінде алғаш рет осындай қоғамдық-саяси іс-шараға қатысты. Қазақстан әрдайым бейбітшілік пен ізгіліктің елі болып келген. Бүкіл отбасы болып біз балаларымыз бен елдің тұрақты әрі жарқын болашағы үшін дауыс бердік, – дейді Увайс Хаважиевич.

Алғаш рет дауыс берген Сурияна Джанаеваға учаске төрағасы тәтті сыйлық табыс етті.

Ал Саран қаласындағы №247 референдум учаскесінде өз таң­дауын жасаған Руслан Сафаров ел ертеңіне сенімді. Ол – «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бір­лес­ті­гінің Қарағанды об­­лыстық филиалының төрағасы. Қоғам­дық іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Міне, елдің болашағына да алаңдап, достық пен бірліктің үлгісін көрсетіп, өзінің үнін қосты.

«Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіздігі тұғырлы Қазақ елі. Сондықтан, біздің бірлестік өкілдері бүгінгі ма­ңызды іс-шараға бейжай қарай алмайды. Барлығы өз отбастарымен референдум учаскелеріне барып, үлестерін қосуда», дейді Руслан Сафаров.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар