«Бүгін республикалық референдумға келіп, дауысымды бердім», деді Мұрат Сіргебаев. Ал кәсіби парапланшы Ескендір Жүнісов референдум учаскесіне көктен қалықтап ұшып келіп, өз таңдауын жасады. Бұл ерекше қадам ел болашағына деген биік мақсаттар мен азаматтық белсенділіктің жаңа рәмізіне айналды. Ескендір Толқынұлы зеңгір көкте еліміздің Көк байрағын желбіретіп, жұртшылықты саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.
Сондай-ақ «Қонаев» қорының вице-президенті Дәулетбек Жанботаев дауыс беру учаскесіне мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев мінген тарихи жәдігер «Чайка» автокөлігімен келгені дауыс берушілерді бейжай қалдырмады. Көпшілік естелік суреттерге түсті.
Айта кетейік, Қонаев қаласында 31 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.
Алматы облысы,
Қонаев қаласы