Қаржы • Бүгін, 12:33

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданған, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды

Жылдық инфляция 2026 жылғы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7%-ға дейін төмендеген (қаңтарда – 12,2%). Инфляцияның барлық компоненті қарқынның төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі –12,7% (12,9%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6% (11,7%), ақылы қызметтер бойынша – 10,8% (12%) болды.

Дегенмен айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1%-ды құрады. Базалық инфляция ақпанда – 0,8% болған.

Азық-түліктің әлемдік бағасы баяулап келеді. Мәселен, сүт өнімдері мен қант бағасының төмендеген. Ал дәнді дақылдар мен өсімдік майының әлемдік бағасы өскен.

Ресей Федерациясында инфляция әлі де жоғары, таргетке жету 2027 жылы күтіледі. ЕО-да бағаның өсуі тұрақты түрде төмен болып қалып отыр. АҚШ-та инфляция федералды резерв жүйесінің сараланған саясаты жағдайында нысанаға жақындап келеді. 

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

«Базалық сценарий аясында бірінші жартыжылдықта Brent маркалы мұнайдың бағасы Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне байланысты сақталып отырған жоғары бағалар аясында бұрынғы алғышарттардан уақытша жоғары болатыны болжанады. Бұдан кейін әлемдегі сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің нәтижесінде мұнай бағасы 1 баррель үшін 60 долларға жуық деңгейге дейін біртіндеп төмендейді деп болжанады. Болжамға сәйкес, 2026 жылы баға орта есеппен 1 баррель үшін 66,3 долларды құрап, кейінгі жылдары 60 доллар деңгейінде тұрақталады», делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Мұнайдың жоғары бағасын ескере отырып, 2026 жылға инфляцияның болжамы нақтыланып отыр. Ал бағалардың өсуі 9,5-11,5 шегінде бағаланады. Дегенмен, Ұлттық банк Үкіметпен бірлескен іс-қимылдарды іске асыру, болжамды фискалдық және квазифискалдық саясатты қамтамасыз ету, ТКҚ мен ЖЖМ-ның инфляцияның өсуіне қосатын үлесін төмендету арқасында бағаның өсуі бір мәнді деңгейге жетеді деп күтеді. 2027 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5,5-7,5%-ға дейін баяулайды деп болжанып отыр. 2028 жылдың қорытындысы бойынша ол 5%-дық таргетке жақын қалыптасады.

Базалық мөлшерлеме: себеп пен салдар

2026 жылға ІЖӨ-нің өсу болжамы 3,5-4,5% аралығында сақталған. 2025 жылғы жоғары база аясында экономикалық белсенділік 2026 және одан кейінгі жылдары бірқалыпты траекторияда дамитын болады. Фискалдық шоғырланудың және тұтынушылық кредиттеудің бәсеңдеуінен ішкі сұраныс азаятын болады.

«Ұлттық банк инфляцияның баяулау қарқынын, ішкі сұраныс динамикасын, фискалдық шоғырландырудың нақты орындалуы және квазифискалдық ынталандыруды іске асыру сапасын бағалауды жалғастырады. Сонымен қатар Үкіметпен бірлесіп, инфляцияны бақылау бойынша шараларды іске асыру тиімділігіне және ТКҚ мен ЖЖМ бағасының өзгеруіне мониторинг жүргізіледі. Инфляцияның тұрақты баяулауы және жаңа инфляциялық шоктардың болмауы кезінде 2026 жылдың екінші жартыжылдығында базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қаралатын болады. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдету үшін кеңістік әлі қалыптасқан жоқ», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар