Оқиға • Кеше

Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында мектептердегі медициналық қызмет сапасына қатысты өрескел заңбұзушылықтар анықталды. 3 мыңнан астам оқушы дер кезінде медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылған, деп жазады Egemen.kz.

Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді

Фото: Depositphotos.com

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Ақсу ауданы мектептерінде денсаулық сақтау талаптары жүйелі түрде сақталмаған. Тексеру барысында медициналық пункттерде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтардың жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, кейбір білім беру ұйымдарында оқушылар санына қарамастан штаттық медицина қызметкерлері қарастырылмаған.

Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды

Аталған органның хабарлауынша, бұл жағдайлар салдарынан 3000-нан астам бала уақытылы медициналық көмек алу құқығынан шектелген, бұл қолданыстағы заңнама мен Конституция талаптарына қайшы келеді. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар заң шеңберінде жауапкершілікке тартылып, уәкілетті органдарға анықталған кемшіліктерді жою міндеті жүктеліп отыр.

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті

 

Соңғы жаңалықтар