Әлем • Кеше

Авиаотын бағасының қымбаттауына байланысты АҚШ-қа әуе рейстері қысқарады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде авиаотын бағасының күрт өсуі әуе қатынасына әсер ете бастады. Air Canada АҚШ-қа бағытталған бірқатар рейстерін бірнеше айға қысқартатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Авиаотын бағасының қымбаттауына байланысты АҚШ-қа әуе рейстері қысқарады

Фото: astanatv.kz (архив)

FOX Business мәліметінше, аталған әуе компаниясының хабарлағанындай, шектеулер осы жаздан бастап енгізіліп, кем дегенде 5 айға созылады. Өзгерістер Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежай (JFK) және Солт-Лейк-Сити халықаралық әуежайы (SLC) бағыттарына қатысты.

Компания өкілдерінің айтуынша, Ирандағы қақтығыс басталғалы авиаотын бағасы 2 есеге жуық қымбаттаған, бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз бағыттарға тікелей әсер еткен. Соған байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізіліп, кейбір рейстер тоқтатылған.

Дегенмен, Air Canada бұл шаралар 2026 жылғы жалпы жылдық тасымалдың шамамен 1%-ына ғана әсер ететінін атап өтті.

Авиаотын нарығында делдалдар азайды

Airlines for America дерегінше, авиаотын бағасы бір баррель үшін 3,79 долларға дейін көтерілген, бұл Ирандағы жағдайға дейінгі көрсеткіштен 50%-дан астам жоғары.

Отын құнының өсуі АҚШ-тағы өзге әуе тасымалдаушыларға да әсер етті. Атап айтқанда, JetBlue, Southwest Airlines, American Airlines және United Airlines компаниялары шығынды азайту үшін тіркелген жүк тасымалының бағасын көтеруге мәжбүр болды.

Сарапшылардың пікірінше, отын бағасының қымбаттауы әуе нарығындағы тарифтер мен бағыттар санына алдағы уақытта да әсер етуі мүмкін.

Орал әуежайы авиаотынды әртүрлі бағамен сатып келген

Соңғы жаңалықтар