Фото: facebook.com/okb.krg
48 жастағы әйел 2 наурыз күні Эмин есімді ұлды дүниеге әкелген. Ол салмағы – 3650 грамм, бойы – 54 см ұлды табиғи жолмен босанған.
Кішкентай Эмин отбасының 9-ұлы. Ал Лариса Кузнецованың тұғыш қызы – 25 жаста.
«Өзім көпбалалы отбасында дүниеге келдім, сондықтан бұл мен үшін жаңалық емес. Күйеуім отбасында жалғыз өскен, уақыт өте келе көпбалалы отбасы болуға үйренді. Эминнің өмірге келгеніне бәріміз ерекше қуанып отырмыз. Мен өте бақыттымын. Дәрігерлерге алғыс айтамын, олар сәбидің аман-есен дүниеге келуіне үлкен үлес қосты», дейді Лариса Кузнецова.