Мереке • Бүгін, 10:47

8 наурыз қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлықтар таратылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында мерекелік акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 наурыз қарсаңында пойыздағы әйелдерге сыйлықтар таратылды

Акция аясында еліміздің түрлі бағыттарында қатынайтын пойыздарда 1000-нан астам әйел жолаушыға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып жатыр. Таңертеңнен бастап жолсеріктер жолаушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, шағын сыйлықтар ұсынып келеді.

8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Көптеген жолаушы үшін мұндай ілтипат жағымды тосынсыйға айналып, мерекелік көңіл күй сыйлаған. Сонымен қатар бірқатар пойыздарда мерекеге орай арнайы безендірулер жасалып, жол үстінде ерекше көктемгі атмосфера қалыптасқан.

Айта кетейік, бұл бастама ұлттық тасымалдаушы мен «Kaztechnology» компаниясының бірлесуімен ұйымдастырылған. Соңғы жылдары дәстүрге айналған акцияның басты мақсаты – сапар барысында әйел жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау және мерекелік атмосфера қалыптастыру.

8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері қандай?

Жалпы алғанда, жыл сайын Жолаушылар тасымалы пойыздарымен шамамен 13 миллионға жуық адам сапар шегеді. Олардың жартысынан астамын әйел жолаушылар құрайды.

Соңғы жаңалықтар