Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, құрылғылар Тораңғалық және Гүлшат кенттері маңындағы қақпада орналастырылған. Камералар қозғалыстың екі бағыты бойынша да жылдамдық режимінің бұзылуын тіркейді. Бұл учаскеде жылдамдық шектеуі – 110 км/сағ.
Сонымен қатар 6 наурыздан бастап Қарағанды қаласында да жаңа жылдамдық өлшегіш жұмыс істей бастайды. Ол Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 25 мекенжайында, №3 гимназияның маңында орнатылған. Бұл жерде рұқсат етілген жылдамдық – 40 км/сағ.
Трекер, камера, «ақылды» көлік: Депутат деректер қауіпсіздігіне алаңдаулы
Полиция жүргізушілерді маршруттардағы өзгерістерді ескеруге, белгіленген жылдамдықты сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады. Бұл айыппұлдардан сақтануға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.