Фото: fcc.kz
Серік Жұманғариннің айтуынша, былтыр экспортқа 1 млн 200 мың тоннадан астам бидай шығарылып, жалпы тауар айналым 430 млн долларға дейін жеткен.
Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады
«Сол себепті қазіргі жағдай бұл процеске әсер етуі мүмкін. Қазір кәсіпкерлер шамалы тоқтап қалды. Логистикалық байланыс пен сақтандыру шарттары өзгеріп жатыр. Ақша төлемі дұрыс бола ма, болмай ма – нақты айту қиын. Шамалы уақыт керек. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Былтыр да ахуал шиеленісті болды. Соған қарамастан тауарымызды жіберіп, ақшамызды алдық», деді вице-премьер.