Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Бірінші жағдайда 12 жастағы бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге БҚО полиция департаментінің барлық бөлімшесіі жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бала қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінен табылып, ата-анасына тапсырылған.
Екінші жағдайда полиция қызметкерлері жарты жыл бойы үйіне келмеген 33 жастағы әйелді тапқан. Ақпан айының соңында оның анасы полицияға жүгініп, тамыз айынан бері қызын көрмегенін хабарлаған. Іздестіру шаралары барысында әйелдің мекенжайы анықталып, анасымен кездескен.
Сондай-ақ полицейлер 32 жастағы жігітті де тапты. Ол 2 наурыз күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның жүріп өткен бағыты жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары түсіп қалған. Нәтижесінде ер адам қаңырап бос тұрған үйлердің бірінен аман-есен табылған. Оның ақыл-есі кем екені анықталған.