Фото: ашық дереккөз
Зерттеу барысында объективтілік үшін әрбір жергілікті бюджеттің жалпы шығыстары да талданып, аталған бапқа бөлінген қаражаттың үлесі есептелді. Сонымен қатар шығын көлеміне өңірдің географиялық ерекшеліктері мен жергілікті атқарушы органдарға тікелей тәуелді емес өзге де факторлар әсер етуі мүмкін екені ескертілді.
Рейтинг қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды иеленді. Оның қызметін қамтамасыз етуге 5 млрд теңге қарастырылған. Алайда бұл қала бюджетінің жалпы көлемінің небәрі 0,2%-ын ғана құрайды.

Екінші орын Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевке тиесілі. Оның қызметін қамтамасыз етуге 4,3 млрд теңге бағытталған.

Үшінші орында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұр. Оның аппаратына жұмсалатын шығын 3,9 млрд теңгені немесе облыс бюджетінің 0,9%-ын құрайды. Үлес көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы бұл бап бойынша Ұлытау облысынан кейін екінші орында. Сарапшылар мұны өңірдің мұнай-газ өндірісіне байланысты жоғары экономикалық маңызымен түсіндіреді.

Төртінші орында Нұрлыбек Нәлібаев – Қызылорда облысы, 3,4 млрд теңге (0,6%). Пайдалы қазбаларға бай болғанымен, ЖӨӨ бойынша төменгі қатарда.
Бесінші орында Нұралхан Көшеров – Түркістан облысы, 3,4 млрд теңге (0,3%). Халық саны мен бюджет көлемі бойынша алдыңғы қатарда.
Алтыншы орында Берік Уәли – Абай облысы, 3,1 млрд теңге (0,9%). ЖӨӨ көлемі төмен өңірлердің бірі.
Жетінші орында Марат Ахметжанов – Ақмола облысы, 2,9 млрд теңге (0,6%). Аграрлық бағыттағы өңір.
Сегізінші орында Жеңіс Қасымбек – Астана қаласы, 2,8 млрд теңге (0,3%). Бюджеті 1 трлн теңгеден асады.
Тоғызыншы орында Нариман Төреғалиев – Батыс Қазақстан облысы, 2,8 млрд теңге (0,7%).
Оныншы орында Бейбіт Исабаев – Жетісу облысы, 2,8 млрд теңге (0,6%).
Он бірінші орында Құмар Ақсақалов – Қостанай облысы, 2,7 млрд теңге (0,5%).
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Он екінші орында Асаин Байханов – Павлодар облысы, 2,6 млрд теңге (0,5%).
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Он үшінші орында Ғауез Нұрмұхамбетов – Солтүстік Қазақстан облысы, 2,5 млрд теңге (0,6%).
Он төртінші орында Ғабит Сыздықбеков – Шымкент, 2,5 млрд теңге (0,3%).
Он бесінші орында Нұрымбет Сақтағанов – Шығыс Қазақстан облысы, 2,3 млрд теңге (0,5%).
Он алтыншы орында Серік Шәпкенов – Атырау облысы, 2,1 млрд теңге (0,2%). Өңір ЖӨӨ бойынша көшбасшылардың бірі.
Он жетінші орында Ермағанбет Бөлекпаев – Қарағанды облысы, 2,0 млрд теңге (0,4%).
Рейтингтің соңғы орындарына келсек, 20-орын Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа тиесілі. Бұл өңірде әкім қызметін қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге немесе бюджетінің 0,6%-ы жұмсалады.
19-орында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орналасқан – 1,6 млрд теңге немесе 0,2%.
18-орын Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековке тиесілі. Бұл өңірде әкім аппаратына 1,6 млрд теңге бөлінген, бұл облыс бюджетінің 1%-ын құрайды.
Жалпы алғанда, ел өңірлері әкім қызметін қамтамасыз етуге орта есеппен 2-3 млрд теңге аралығында қаражат қарастырады.
Сарапшылар «әкімнің қызметін қамтамасыз ету» деген атау көбіне бір адамның жеке шығыны ретінде қате қабылданатынын атап өтеді. Негізінде бұл – бүкіл өңірлік немесе қалалық басқару аппаратының жұмысын қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама.
Бұл бапқа мыналар кіреді:
Әкім аппаратының еңбекақы қоры
Мұнда тек өңір басшысының жалақысы емес, оның орынбасарлары, басқарма басшылары, сарапшылар, заңгерлер, бюджет, инфрақұрылым, көлік, ТКШ, инвестиция және өзге бағыттар бойынша мамандардың еңбекақысы қамтылады.
Әкімшілік инфрақұрылымды ұстау шығындары
Коммуналдық төлемдер, ғимараттарды жалға алу және қызмет көрсету, байланыс, интернет, жұмыс орындарын жабдықтау.
Көлік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
Қызметтік көлік, іссапарлар, іс-шараларды ұйымдастыру, ресми кездесулерді өткізуге байланысты шығындар.
Ақпараттық және цифрлық жүйелер
Бағдарламалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы, тапсырмаларды бақылау жүйелері, киберқауіпсіздік.
Өзге де операциялық шығындар
Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, техникалық қолдау, архивтеу, сервистік келісімшарттар.
Осылайша, аталған бюджеттік қаржыны бір лауазымды тұлғаның шығыны ретінде емес, өңірді немесе қаланы басқарудың әкімшілік қамтамасыз ету шығыны ретінде қарастырған жөн. Рейтингті талдау кезінде осы жайтты ескеру маңызды.