Білім • Кеше

Ғылыми диссертация тақырыптарын бірыңғай база арқылы қадағалау мүмкін бе?

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көрнекті тілтанушы ғалым, академик Шора Сарыбаевтың туғанына 101 жыл толуына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанында тұрақты жұмыс істейтін Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылыми диссертация тақырыптарын бірыңғай база арқылы қадағалау мүмкін бе?

Ғылым және жоғары білім министрлігі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Алматы қалалық филиалы қолдауымен «Филология ғылымдарының зерттелуі: өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбында өткен жиынды Президент жанындағы ҰҒА Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры, академик Кәрімбек Құрманәлиев жүргізді.

Ғылым саласындағы жасанды интеллект

Жиында отандық тілтаным ғылымын жүйелеу, ғылыми ізденістердің бағыт-бағдарын айқындау, диссертациялық жұмыстардың мазмұндық сапасын күшейту мәселелері қарастырылды.

«Ғылым саласындағы мұндай жұмыс зор жауапкершілікті талап етеді. Бүгінде орталық ғылыми ой-пікір алмасатын, зерттеулер сарапталатын беделді алаңға айналып отыр. Бұл тек академиялық міндет қана емес, сонымен қатар ұлттық болмысты айқындайтын стратегиялық бағыт. Орталық қызметі сараптамалық зерттеулермен ғана шектелмей, филология ғылымдарының дамуына серпін беретін ауқымды міндеттерді қамтиды», деп атап өтті жиынды ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп.

Сараптамалық үйлестіру орталығы отандық филология ғылымдарының дамуына жүйелі түрде үлес қосуды мақсат етеді. Онда ғылыми диссертация тақырыптарын бірыңғай база арқылы қадағалау, талқылаудан өткізудің маңызы қарастырылды. Ғалымдардың пайымдауынша, барлық ғылыми жұмыстардың бір орталықтан үйлестірілуі зерттеу бағыттарының үйлесімді дамуына, жас ғалымдарды қолдау, олардың ғылыми диссертацияларын сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

1

Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаевтың айтуынша, кейбір докторанттардың дисертация тақырыптың қайталануы, көшірілуі секілді мәселелер жеткілікті. Бұл қанатқақты жоба. Егер жемісін берсе, басқа да салаларға да енгізілетін болады. Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығы жұмысына министрлік тарапынан қолдау болады.

Ал Президент жанындағы ҰҒА өкілі Жеңісбек Төлен, сондай-ақ жоғары оқу орындары жанындағы диссертациялық кеңес төрағалары мен жетекші ғалымдар Фаузия Оразбаева, Дихан Қамзабекұлы, Қалбике Есенова, Анар Фазылжан көтірілген тақырыпқа байланысты жан-жақты пікірлерін білдіріп, келелі ұсыныстарын айтты.

ЕАЭО кеңесі ғылыми атақтарды өзара тану туралы келісімді мақұлдады

Сараптамалық үйлестіру орталығының болашақта жұмыс тәртібін бірінші орынбасар Қалбике Есенова түсіндіріп берді. Жиын қорытындысында зерттеулердің сапасын күшейту, ғылыми талаптарды жетілдіру мен ұлттық ғылыми деректердің цифрлық экожүйесін қалыптастыру туралы қарар қабылданды.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар