Кейін оқу орнының портал жүйесі арқылы студенттердің үлгерімін тексеріп, кейбірінің сынақтардан жеткіліксіз балл жинағанын анықтаған.
Күдіктілер студенттерге уақытша нөмірлер арқылы мессенджерде хабарласып, өзін университет қызметкері ретінде таныстырған. Олар студенттерге сынақтан өту үшін бір балл жетіспейтінін, академиялық қарыз немесе емтиханға жіберілмеу қаупі бар екенін айтып, мәселені шешіп беруге және бағаларды түзетуге ұсыныс жасаған.
«Күдіктілер әр студенттен бұл жалған қызмет үшін 70-80 мың теңге алып, кейін хабарсыз кеткен. Қазіргі таңда алаяқтардың алты эпизодқа қатысы бар екені анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.