Жобаның идеясы қарапайым. Жыл сайын бір жазушы жаңа роман жазады, алайда ол шығарма 2114 жылға дейін ешқайда жария етілмейді. Яғни бүгін жазылған кітапты тек жүз жылдан кейін оқиды. Қолжазбалар Осло қаласының қоғамдық кітапханасында арнайы сақталады. Болашақта осы шығармаларды басып шығару үшін кітапхана маңына мың түп қарағай отырғызылған.
Ұлттық кітапхана: Ғылыми кеңес қандай еңбектерге оң баға берді?
Бір ғасыр өткен соң сол ағаштардан қағаз дайындалып, жасырын сақталған романдар жарық көреді деп жоспарланған. Қызығы, болашақта шығатын осы антологияны сатып алу сертификаттары қазірдің өзінде толық сатылып кеткен.
Жобаға әлемге әйгілі қаламгерлер қатысып үлгерген. Олардың қатарында Маргарет Этвуд пен Дэвид Митчелл бар. Әр автор өз шығармасын болашақ оқырманға арнап жазады, бірақ өзі ол кітаптың жарық көргенін көрмейді. Бұл бастама әдебиетті уақытпен байланыстыратын символдық көпір іспетті. Жоба авторларының айтуынша, «Болашақ кітапханасы» ұрпақ сабақтастығын нығайтуға бағытталған.