Қаржы • Бүгін, 16:11

Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктері билігі «Citadel» атты майнинг компаниясы арқылы 450 млн доллардан астам сомаға тең биткоин өндірген, деп жазады Egemen.kz.

Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?

Блокчейн-зерттеулермен айналысатын сарапшылардың дерегінше, БАӘ үкіметімен байланысты криптоәмиянда 6 786 биткоин сақтаулы. Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 455 млн долларға тең. Ел басшылығы өндірілген монеталарды саудаға салмай, баланста сақтау стратегиясын ұстанып отыр. Әмияннан соңғы қаражат қозғалысы төрт ай бұрын тіркелген.

Өндірілген биткоиндер бойынша іске асырылмаған пайда 344 млн доллар көлемінде бағаланып отыр. Алайда бұл есептеулерде майнингтің негізгі шығыны – электр энергиясының құны ескерілмеген.

«Қара алтын» арзандап, биткоин құбылды: Әлемдік нарықты 2026 жылы не күтіп тұр?

Arkham агенттігінің мәліметіне сәйкес, кейінгі он күнде үкіметтік әмиянға күн сайын орта есеппен 4,2 биткоин түсіп отырған. Қазіргі бағам (шамамен 67 мың доллар) бойынша бұл тәулігіне 280 мың доллар шамасында. Ақпан айының басында тәуліктік түсім 4 биткоиннан аспаған еді.

Мамандардың есептеуінше, мұндай көлемді қамтамасыз ету үшін жабдық қуаты шамамен 8,5 мың петахеш/секунд болуы тиіс. Өндіріс Foundry майнинг-пулы арқылы жүзеге асады.

Криптовалютадан пайда таппақ болған азамат 1 млн теңгесінен айырылды

БАӘ – бүгінде тікелей өндіріс (майнинг) арқылы биткоин қорын қалыптастырып отырған санаулы мемлекеттердің бірі. Мұндай стратегияны сондай-ақ Бутан мен Сальвадор қолданады.

BitcoinTreasuries платформасының дерегінше:

  • Бутан – 5,6 мың биткоин;

  • Сальвадор – 7,5 мың биткоин;

  • БАӘ – 6 786 биткоин.

Яғни Әмірліктер бұл көрсеткіш бойынша екі елдің ортасында тұр.

Ал мемлекеттер арасындағы жаһандық рейтингте көш бастап тұрғандар:

  • АҚШ – 328 мың биткоин;

  • Қытай – 190 мың биткоин;

  • Ұлыбритания – 61 мың биткоин.

Алайда бұл елдер негізінен биткоин қорын хакерлер мен көлеңкелі платформалардан тәркілеу арқылы толықтырады. Ал БАӘ, Бутан және Сальвадор өнеркәсіптік майнингке басымдық беріп отыр.

Arkham сарапшылары мемлекеттік криптоқорлардың нақты көлемін жіті бақылау мүмкін емес екенін атап өтті. Себебі әлем елдерінің үкіметтеріне тиесілі цифрлық әмияндардың барлығы бірдей жария етіле бермейді.

Соңғы жаңалықтар