Қоғам • Бүгін, 11:55

Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жабық мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталушыларға түзеу мекемесінен тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?

Фото: Depositphotos.com

Ішкі істер министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғамдық талқылауға шығарылды.

Министрлік әзірлеген құжат тек ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемелерге қатысты. Бұл санатта абайсызда қылмыс жасағандар, сондай-ақ ауырлығы жеңіл қылмысты алғаш рет жасаған азаматтар жазасын өтейді.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес:

- Сотталғандарға мекемеден тыс жерде смартфон қолдануға рұқсат беру;
- Үшінші оң мінез-құлық дәрежесі бар азаматтарға «тыныш сағат» енгізу;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында терминалдар арқылы кездесуге жазылу және қалаға шығуға өтініш беру мүмкіндігін қарастыру көзделген.

Бұйрық жобасы 11 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Шымкентте сотталғандарды азаптаған түзеу мекемесінің үш қызметкері қамауға алынды

Ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемелерде оқшаулау талаптары жеңіл. Мұнда жазасын өтеп жүргендерге азаматтық киім киюге, отбасымен бірге тұруға, мекемеден тыс жерде еңбек етуге мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, өткен жылдың қазан айында Мәжіліс депутаттары алқабилер сотына сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығын беру туралы заң жобасына бастамашы болған еді. Жоспар бойынша бұл өзгерістерді бірқатар өңірде пилоттық режимде енгізу көзделген.

Яна Легкодимованың өліміне қатысты үкім: Сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

Соңғы жаңалықтар