Аймақтар • Бүгін, 17:22

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысында 2026-2028 жылдарға арналған қандастарды қабылдау және қоныстандыру жөніндегі өңірлік бағдарлама бекітілді. Биыл 125 қандасты қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат Аманғалиеваның айтуынша, квотамен қоныс аударған қандастарға бір рет берілетін көшу субсидиясы отбасының әр мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.

«Тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар ай сайын өтеледі. Бұл қолдау 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Төлем көлемі қоныстанған елді мекенге және отбасы мүшелерінің санына қарай айқындалады. Қандастарға тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты ұсынылады. Бұл тұрғын үй құнының 50 пайызына дейінгі мөлшерді құрайды. Бірақ 1625 айлық есептік көрсеткіштен аспайды. Сертификат бастапқы жарна ретінде қолданылады. Қандастар қоныстанатын елді мекендердің тізімі мен отбасы саны айқындалды», деп хабарлады Гүлболат Аманғалиева.

Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық мемлекет қаржысына пәтер алған

Оның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері облысқа 21 отбасы көшіп келген. Бұл отбасылардағы 34 этникалық қазақ қандас мәртебесін алған.

«Қандастар Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан мен Қытай елінен қоныс аударды. Олардың бәрі Атырау қаласына орналасты. Елімізде «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» және «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» қызметтері пилоттық форматта іске қосылды. Жаңа тәртіпке сәйкес үміткерлер цифрлық бағалаудың бірнеше кезеңінен өтеді. Сәтті өткендерге қандас мәртебесі 5 жыл мерзімге беріледі», деп мәлім етті Г. Аманғалиева.

Өткен жылы қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Соңғы жаңалықтар