Аймақтар • Бүгін, 16:42

Атырауда үшем дүниеге келді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық перинаталдық орталығында Мақат ауданының 29 жастағы тұрғыны үшем босанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда үшем дүниеге келді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенсек, ата-анасы үшемді Қымбат, Сымбат және Қарақат есімімен атады. Үшемнің салмағы бірдей емес. Оның бірі – 1 921, екіншісі – 2 275, ал үшіншісі – 2 204 грамм. Олардың бойы 44-45 см аралығын құраған.

«Бұл отбасы осы кезге дейін бір ұл және екі қыз тәрбиеленіп келген. Үшемнің дүниеге келуімен шаңырақтағы бала саны алтауға жетті. Облыста үшемнің дүниеге келуі сирек кездеседі. Соңғы рет үшем 2024 жылы тіркелді. Ал былтыр облысьа 13 906 сәби дүниеге келді», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 30 қаңтар күні Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Үшем 11 тәулік орталық дәрігерлерінің бақылауында болып, кеше үйлеріне шығарылған.

Соңғы жаңалықтар