Оқиға • Бүгін, 15:42

Түлкіден тараған ауру: Зайсанда ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зайсан ауданы аумағында түлкі тістеген ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Түлкіден тараған ауру: Зайсанда ірі қара мал арасында құтыру ауруы тіркелді

Оның айтуынша, оқиға биыл болған. Індет таратқан түлкі дереу ұсталып, диагностикалық зерттеу жасалған. Нәтижесінде жануардан құтыру вирусы анықталған. Ауру ошағы белгілі болған соң мамандар ірі қара мал басын жедел тексеруден өткізді. Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша бес сиырдың құтыру жұқтырғаны расталды.

Әуеден барлау: Шығыс Қазақстандағы су тасқыны қаупі бар аймақтар тексерілді

Инфекция ошағында барлық қажетті эпизоотияға қарсы іс-шаралар шұғыл түрде жүргізілді. Шектеу шаралары енгізіліп, жануарлар оқшауланды және кешенді санитарлық өңдеу жұмыстары атқарылды.

Басқарма басшысы өткен жылы осындай жағдай көршілес Тарбағатай ауданында тіркелгенін атап өтті. Ол кезде түлкі үй жануарын тістегенімен, зертханалық тексеру нәтижесінде құтыру вирусы табылмағаны айтылды.

Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды

Мамандар құтырудың аса қауіпті ауру екенін еске салып, ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін уақытылы вакцинация жүргізуге шақырады.

Соңғы жаңалықтар