Наурызнама • Кеше
Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған іс-шаралар легі Өскеменде жалғасып жатыр. Кеше Арбатта «Jan ana» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, мерекелік концерт болды.
Өнер • Кеше
Осыдан төрт-бес жыл бұрын шығар, шапан кигендер ерекшеленіп көрінетін. Оюлы шапанды Наурызда бір киеміз деген секілді әзіл-шыны аралас пікір де жиі айтылар еді. Қазір өзгерді. Руханият пен мәдениеттің діңгегі бекіп келеді. Басқа жақты білмедім, Шығыста оюлы киім сәнге айналды. Өскемендегі атшаптырым сауда үйлерінің бірінде ұлттық киім шеруі ұйымдастырылып, салтанатты шапандардың дефилесі өтті.
Қоғам • 18 Наурыз, 2026
Көк жүзінен ағараңдаған параплан ағындатқан күйі Шешек асуындағы жазыққа қонды. Әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне дауыс беруге келе жатқан беті екен. Дереу парапланын жинастырды да, өзіне тиесілі учаскеге қарай асықты.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2026
Университет ұлттық киімді ұлықтады
Таң сәріден Сәрсен Аманжолов университетінің ұжымы мен студенттері ұлттық киім киіп, Өскемендегі 81-учаскеде өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді
Өскеменнің тұрғыны, әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне парапланмен ұшып келіп, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2026
Кейінгі жылдары Шығыс Қазақстан облысында ауыз толтырып айтар оң өзгерістер аз емес. Күні кеше ғана бірнеше аудан бөлініп, даму қарқындары артты. Одан бұрын аймаққа аса маңызды мәселе болған Күршім көпірі мерзімінен бұрын пайдалануға берілді. Басқа да әлеуметтік-экономикалық мәселелер біртіндеп шешімін тауып келеді. Бір сөзбен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі экономикалық өсім қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмалары кезең-кезеңімен орындалып жатыр.
Қоғам • 14 Наурыз, 2026
Бұқтырмада балықшылар бақ сынасты
Алтай ауданында шығыс жұрты «Бұқтырма балықшысы» республикалық фестивалін атап өтті. Бұл күні Бұқтырма суқоймасына қармақтарын асынған балықшылар еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды.
Қоғам • 13 Наурыз, 2026
Шығыс Қазақстандағы кітапханаға «ЖИ-комплектатор» жобасы іске қосылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, экономика мен қоғам дамуындағы негізгі факторды айқындады. А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы да белсенділік танытып жатыр. Бұл жолы кітапхана «ЖИ-комплектатор» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 12 Наурыз, 2026
Шыны зауытындағы бірегей жобалар
Өңірде отандық өндірістің әлеуеті тәй-тәйлап болсын, артып келеді. 2003 жылы іргесі қаланған шыны құрылыс зауыты бүгінде аймақтағы жетекші өндіріс орындарының біріне айналған. Зауыт көлік жасау мен тау-кен саласынан бастап, қарапайым құрылысқа дейін қолданылатын сан алуан шыны бұйымдарын шығарады. Заманауи жабдық пен білікті мамандардың арқасында мұнда тапсырысқа қарай бірегей жобалар да жүзеге асады.
Әйел әлемі • 10 Наурыз, 2026
Александра Сикумбаева: Қаңтар оқиғасы біз үшін үлкен сабақ болды
Нәзік жандылардың ерлермен қатар ауыр жұмысты еңсере берерін білеміз. Кешегі Әлия мен Мәншүктер қолға қару алып, жауды қалай жайратты. Солардың сынығы сынды арулар бүгін де ортамызда жүр. Полицияның іс-қағаздарымен емес, арнайы жасағында от пен су кешіп жүрген Александра Сикумбаевамен әңгімелестік.