Қоғам • Бүгін, 19:26

Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде үкіметтік емес ұйымдарға арналған екі орта мерзімді мемлекеттік грант беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Үкіметтік емес ұйымдар үшін грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Аталмыш қолдау қоғамдық кеңестердің әлеуетін көтеруге, жалпыұлттық бірлікті нығайту және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін дамытуға бағытталған жобаларға көрсетіледі.

Өтінімдер 2026 жылғы 18 ақпаннан 18 наурыздың сағат 18:30-ға дейін, 20 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Айта кетейік, конкурс туралы толық ақпарат пен жобаларға қойылатын талаптар cisc.kz сайтындағы «Гранттар» – «Гранттар туралы хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған.

Соңғы жаңалықтар