Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қаза табуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп жазады Egemen.kz.

Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің басшысы барды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Сарбаздардың өлімі: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды. Тергеу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бақылауында.

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

Қаперге алайық, Мемелекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында «Сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуы өркениетті елге жат үрдіс» деп айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35