Қазақстан • Бүгін, 09:45

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда «Еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бас­тамалар көтерілді. Соған сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр» дегені белгілі. Соның айғағындай, қазақтың төл мәдениеті мен танымын көрсететін дәстүрлі ою-өрнегі ресми түрде ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енді. Бұл туралы кеше Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақтың төл мәдени ерекше­лігіне жататын қошқармүйіз, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюлары – көш­пелілер өркениетінің бірден-бір көрсеткіші. Зер салып қараған жан ою-өрнектерден өсіп келе жатқан, ұшып бара жатқан немесе алға жылжушы құбылысты аңғарады. Демек, бұлар дамудың белгісі десек қателесе қоймаймыз. Халқымыздың ұлттық коды ою-өрнектердің мазмұнында деуге толық негіз бар. 

«Қазір Қазақстан материалдық емес мәдени мұралар тізіміне өз нысандарын белсенді түрде енгізіп жатқан 25 елдің қатарына кіреді. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Төл тарихымызды зерделеу, өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету үшін әлі де көп жұмыс істелуге тиіс. Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғаса береді» деген Президент сөзінің дәлелі осы шығар.

и

Қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі ИСЕСКО-ның Ислам әлемі мұралары тізіміне енгені тура­лы шешім 11 ақпанда өткен ИСЕСКО Ислам әлемі мұралары комитетінің 13-сессиясында қабылданыпты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бұл туралы:  

«Ою-өрнек – мәдени бірегей­лігіміз бен тарихи сабақтас­тығымызды нығайтуға ықпал ететін негізгі этномәдени код.

Ою-өрнектің ИСЕСКО-ның беделді тізіміне енуі – Қа­зақстанның материалдық емес мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілетудегі маңызды қадам.

Бұған дейін, яғни 2023 жылы ИСЕСКО тізіміне түркі өркениетінің басты нышан­дарының біріне айналған дәстүрлі «Тоғызқұмалақ» ойыны қосылған еді.

Президенттің Ұлттық құ­рыл­тай отырыстарында берген тапсырмаларына сәйкес, Қазақстанның мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО және ИСЕСКО тізімдеріне ен­гізу жұмысы жалғасады», деп мәлімдеді.

Мәселен, қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қол­даныста ол қырықмүйіз, сыңар­мүйіз, арқармүйіз болып түрле­ніп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ор­тасындағы айқыш дүние тепе-теңдігін көрсетеді. Бұлардың құпиясын ашып, технологиялық жетістіктермен қабыстыра алсақ, ұтарымыз көп.

Соңғы жаңалықтар

Референдум–2026. Онлайн-марафон

Референдум • Бүгін, 12:00

Төл өнеріміз – ИСЕСКО тізімінде

Қазақстан • Бүгін, 09:45