Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық Банктің мәліметінше, өлшемді құймалар көп сатылған өңірлер: Алматы (20 526 дана, 74%), Астана (1 650 дана, 6%) және Шымкент (1 099 дана, 4%).
Халыққа арналған өлшемді құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Alatau city bank, ЦентрКредит Банк арқылы, сондай-ақ банктік емес жекелеген айырбастау орындарында сатып алуға немесе кері сатуға болады.
20 күнде 4,2 млрд доллар табыс: Алтын бағасының өсуі ел резервіне қалай әсер етті?
Осылайша, 2025 жылы ЕДБ мен банктік емес жекелеген айырбастау орындары кері сатып алғанды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 1,1 т – 40 799 өлшемді құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы сатылған алтын құймалардың жалпы саны – 263 479, ал олардың жалпы салмағы – 9 т.
Халық арасында сұранысқа ие алтын құйманың салмағы – 10 г. Сатылған көлемнен оның жалпы үлесі 26% – 67 833 дана. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма, сатылғаны – 57 847 дана (22%), 100 грамдық құймадан – 53 289 дана (20%), 20 грамдықтан – 49 154 дана (19%) және 50 грамдық құймадан – 35 356 дана (13%).
Әрбір алтын құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және бедерлі жиегі бар) және механикалық зақымданудан қорғайтын арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғаныш қорабы сапа сертификаты болып та саналады. Сондықтан Ұлттық Банк алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес береді.
Алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау орындары клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады.