Оқиға • Бүгін, 15:50

Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әуежайында жоспарланған 72 рейстің 10-ы кешігіп жатыр. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Әуежай өкілдерінің мәліметінше, кідірістер қолайсыз ауа райына байланысты болып отыр. Соның салдарынан әуе кемелерін арнайы сұйықтықпен өңдеу (деайсинг) жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр.

«Ұшу-қону жолағын, перронды және рулеж жолдарын тазалау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.

«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар