Фото: Ашық дереккөз
Синоптиктер мен жол қызметтерінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы келесі өңірлерді қамтиды: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу, Абай, Маңғыстау, Алматы және Қостанай облыстары.
Мамандар жылдамдық режимін шектен асырмай, қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды ескертеді.
Айта кетейік, жолдағы жағдай туралы жедел ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы білуге болады.