Оқиға • 28 Қаңтар, 2026

Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде балабақшадағы бүлдіршіндерді инемен қорқытқан тәрбиешінің әрекеті таспаланған видео кең тарап кетті. Бейнежазбаға қатысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

Балаларды инемен қорқытқан: Шымкентте балабақша тәрбиешісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Фото: Жоғарғы сот

Оқиға Шымкенттегі Тұран ауданында орналасқан №59 «Айша» бөбекжай-балабақшасының «Бәйтерек» мектепалды тобында болған. Бейнебақылау камерасынан алынған кадрларда тәрбиешінің қолында шприцке ұқсас ине ұстап, балаларды қорқытқаны түсірілген.

Сондай-ақ мектепалды топтағы тәрбиеленушілерге психологиялық және физикалық қысым көрсетілгені де анықталған. 

Павлодарда тәрбиеші балаларға қатыгездік көрсеткен

Қалалық білім басқармасы оқиғадан кейін шұғыл түрде ведомствоаралық кеңес өткенін хабарлады. 

«Кеңеске прокуратура, полиция, білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, балабақша әкімшілігі мен ата-аналар қатысты. Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар талқыланды», делінген басқарма таратқан хабарламада.

Шымкентте баланы ұрған тәрбиеші қамауға алынды

Ал қалалық полиция департаменті болған оқиғаға күдікті тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Құзырлы орган тергеу амалдары барысында балабақша басшылығын уақытша қызметтен шеттету және тәрбиешіні жұмыстан босату жөнінде ұсыныс енгізген.

Балабақшадағы тәрбиешілер қатыгездігі қашан тыйылады?

Соңғы жаңалықтар