Оқиға • 23 Қаңтар, 2026

Қарасу ауданындағы өртенген үйді қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылдың 31 желтоқсаны күні өрт шыққан Қарасу шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде қалпына келтіру жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарасу ауданындағы өртенген үйді қалпына келтіру жұмысы қалай жүріп жатыр?

Жаңа жылды қарсы аламыз деп отырған №15 үйдің тұрғындары тілсіз жаудың зардабын шегіп, 100-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланған болатын.

Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден баланың мәйіті табылды

Төтенше жағдай тіркелген сәттен бастап шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков жедел комиссия құрып, зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Өрт кезінде қаза тапқан бес жасар қыздың анасы қамауға алынды

Бүгінде тапсырмаға сәйкес тұрғын үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ғимарат шатырының 80%-ға жуығы жабылып, өрттен және өзге де себептермен зақымданған пәтерлердің қабырғаларын тегістеу жұмыстары аяқталуға жақын.

 

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар