– Адамды әкелгендіктен ауруханаға апаратын жолдар жабылды, ол ес-түссіз реанимацияда жатыр, – деді Грозныйдағы дереккөздердің бірі.
Қадыровтың кортежі жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Арна хабарламасында кортеждің әдеттегідей жоғары жылдамдықпен қозғалып келе жатып, күтпеген кедергіге тап болғаны, соның салдарынан көліктердің бір-біріне соқтығысқаны айтылған.
NIYSO дерегіне сәйкес, жол апатынан тағы бір жоғары лауазымды шешен шенеунігінің ұлы да зардап шеккен болуы мүмкін, алайда оның есімі аталмайды. Сондай-ақ аурухана маңындағы даңғыл жабылып, Грозный қаласына кіреберістерде кептелістер пайда болғаны хабарланды. Арна мәліметінше, Адам Қадыровты Мәскеуге тасымалдауға дайындау мәселесі қарастырылуы мүмкін. Жол апатынан Қадыровтың үш күзетшісі ауыр жарақат алғаны да айтылды.
Рамзан Қадыровтың 20 жастағы ұлы вице-премьер болып тағайындалды
Аталған ақпаратқа қатысты Шешенстан билігі тарапынан әзірге ресми растау берілген жоқ.
Адам Қадыров 18 жаста. Ол Шешенстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарады. 2025 жылғы сәуірде Шешен Республикасының ішкі істер министрлігін кураторлық етуге тағайындалған. Сонымен қатар ол Ресей Қорғаныс министрлігіне қарасты Шейх Мансур және Байсангур Беноевский атындағы батальондарды, сондай-ақ Путин атындағы арнайы мақсаттағы университетті қадағалайды.