Білім • 15 Қаңтар, 2026

9 жылда 138 жаңа мектеп: Астананың білім кеңістігі қалай өзгереді?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада білім беру инфрақұрылымын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

9 жылда 138 жаңа мектеп: Астананың білім кеңістігі қалай өзгереді?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Соңғы жылдары қалада 109 мың оқушыға арналған 44 мектеп салынып, пайдалануға берілген. Оның 23-і Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Әсіресе, алдыңғы оқу жылы ерекше нәтижемен есте қалды: бір жылда 64 мың орынға шақталған 25 мектеп ашылды.

Білім жүйесіндегі бетбұрыс

Биылғы оқу жылы басталғалы бері елордада тағы 9 мектеп оқушыларды қабылдады. Ал 2026 жылы 13 жаңа білім ордасының құрылысы жоспарланып отыр. Қала әкімі мектептер салу барысында тек ғимараттың өзіне емес, айналасындағы аумақты абаттандыруға да айрықша мән берілетінін атап өтті.

Сонымен қатар 2027 жылға да нақты дайындық басталған. Қазіргі таңда 40 мың орынға есептелген 16 мемлекеттік мектеп пен 10 мың орындық 10 жекеменшік мектептің жобалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Бұл қадам елордадағы оқушы санының өсуіне алдын ала жауап беріп, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Келешек мектептері» рекордтарға жол ашты

Астана әкімдігінің мәліметінше, білім беру нысандарының уақтылы салынуы қаладағы үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептер мәселесін кезең-кезеңімен шешуге жол ашады.

Астана мектептерінде 100-ден астам кәсіби сынып ашылды

Соңғы жаңалықтар